ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
COP31 конференциясының төрағасы Курум: «Біз үдерісті сырттай бақылап қана қоймай, оған бағыт-бағдар беретін, келісімнің жасалуын күтіп отырмай, оған қол жеткізу үшін жағдай жасайтын төрағалық ұстанымды басшылыққа алдық», – деді.
Министр Курум: «COP31-де ортақ келісімге қол жеткізуді көздейміз»
Түркия Қоршаған орта, қала құрылысы және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Курум / َAA

Түркияның ұйымдастыруымен Анталияда өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушы тараптардың 31-конференциясы (COP31) аясында 100-ден астам елдің министрлері қатысқан жиын өтті.

Министрдің төрағалығымен өткен Бюро отырысы конференцияның Көк аймағындағы «Босфор» залында ұйымдастырылды.

Қорытынды шешім жобасы бойынша келіссөздер басталар алдында диалогты нығайтып, ортақ келісімге келуге жағдай жасау мақсатында өткізілген төрт сағаттық жиында сөз сөйлеген Курум нақты, барлық тараптың мүддесін ескеретін және іске асыруға болатын жол картасын әзірлеу үшін диалогтың маңызды екенін атап өтті.

Министрдің айтуынша, COP31 барысында жаһандық жылынуды 1,5 градуспен шектеу мақсатына қол жеткізу мүмкіндігін сақтау, климаттық қауіп-қатерлерге төзімділікті арттыру және қабылданған шешімдердің орындалуын жеделдету мәселелері талқыланды.

Ол осы мақсаттарға жету үшін қаржыландыру, технологиялар мен әлеуетті арттыру мүмкіндіктері нақты қажеттіліктерге сай болуы керектігін айтты.

Министр бүгінгі отырыс қорытынды шешім қабылданар алдында ортақ келісімге келуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ жиында айтылған пікірлер COP31 төрағалығы өткізетін консультацияларға негіз болатынын жеткізді.

Қорытынды шешім жобасына тоқталған министр көптеген елдің ортақ ұстанымды нығайту мақсатында құжатты қолдайтынын білдіріп, өз ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізгенін айтты.

Барлық тараптың ортақ шешімге келгенін қалайтындарын атап өткен Курум сөзін былай жалғастырды: «Мақсатымыз – Париж келісімінде белгіленген жаһандық жылынуды 1,5 градуспен шектеу мақсатын сақтай отырып, қабылданған міндеттемелердің орындалуын жеделдету және нақты іс-қимылға басымдық беру. Бұл мәселеде дамыған елдер де, дамушы елдер де ортақ пікірде. Ендеше мәселе неде? Мәселе – басымдықтардың әртүрлі болуында, елдердің экономикалық даму мақсаттарында. Соған қарамастан, ортақ келісімге келе алатынымызға сенемін. COP31 төрағалығы атынан сіздерді осы келісімге қол жеткізуге шақырамын. Осы жерде барлық мәселені ашық талқылап, ортақ мақсатқа жету үшін не істей алатынымызды ақылдасайық. Шешім жобасын жариялаймыз және оған қатысты пікірлеріңізді күтеміз. Біз саяси тұрақтылыққа қауіп төніп тұрған қазіргі кезеңде барша тараптың келісімімен түпкілікті қорытынды шешім қабылдауды көздеп отырмыз», – деді министр Курум.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”