Президент Режеп Тайып Ердоған христиан азаматтарды және бүкіл христиан әлемін Пасха мерекесіне орай мерекелерімен құттықтады.
Әлем бойынша кемсітушілік, мәдени нәсілшілдік пен төзімсіздіктің артып келе жатқанына назар аударған президент Ердоған өз жолдауында мына ойларын орын берді:
«Кемсітушілік, мәдени нәсілшілдік пен төзімсіздік белең алып жатқан бүгінгі таңда қай дінге жататынына қарамастан, барша азаматымыздың көрсетіп отырған бірлігі, берекесі мен ынтымағы бүкіл әлемге үлгі болуды жалғастыруда. Қоғамдық тыныштығымыздың кепілі ретінде саналатын бұл бейбітшілік климатын әсіресе аймағымыз бастан кешіп жатқан қиын-қыстау кезеңде одан әрі нығайтуға ниеттіміз».
Ердоған Түркияның ежелгі төзімділік мәдениеті мен бірге өмір сүру ерік-жігеріне тоқталып, жолдауын былайша түйіндеді:
«Осы ойлармен бір аспан астында ғасырлар бойы бірге өмір сүріп келген және алдағы уақытта да мәңгі бірлікте болатын христиан азаматтарымызды, сондай-ақ бүкіл христиан әлемін Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке аймағымыз бен әлемдегі бейбітшілікке, тұрақтылық пен тыныштыққа септігін тигізсін деп тілеймін».
Христиан күнтізбесінің ең қасиетті күні саналатын және қайта тірілуді нышандайтын Пасха мерекесін батыс христиандары осы жексенбіде тойлап жатыр. Күнтізбелердегі айырмашылықтарға байланысты шығыс шіркеулерінде бұл мереке кейінірек атап өтіледі.














