Пәкістанның Ақпарат министрлігі «сенімді барлау деректеріне» сүйене отырып, Ауғанстандағы «террористік лагерьлер мен жасырын орындарға» әуеден соққы берілгенін хабарлады.
Министрліктің мәлімдеуінше, шабуылдардан 22 «террорист» қаза тапқан. Сондай-ақ бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға жанама залал келтірмеу үшін қажетті шара қабылданғаны айтылды.
Ал Ауғанстан билігінің өкілі Забихулла Муджахид әлеуметтік желідегі парақшасында Пәкістанның елдің екі провинциясына әуеден соққы бергенін мәлімдеді.
«Шабуылдардан әйелдер мен балаларды қоса алғанда 9 ауғанстандық бейбіт тұрғын қаза тауып, 11 адам жараланды», – деді Муджахид.






















