САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
«Ирандықтар келісімге келгісі келеді. Сондықтан маған көмек қажет емес. Ешкімнен көмек сұрамаймын».
Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп / Reuters (Wire)

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрамайтынын мәлімдеді.

Трамп Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Қытайға барды. Трамп Қытайда «Fox News» телеарнасына сұхбат берді.

Журналистің «Ирандағы соғысты тоқтату үшін Қытайдан немесе Ресейден көмек сұрауды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұрағына Трамп: «Бізге көмек қажет емес», – деп жауап берді.

АҚШ президенті Иранның әскери-теңіз күштерін жойып, әскери-әуе күштерін талқандағандарын мәлімдеді.

«Ирандықтар келісімге келгісі келеді. Сондықтан маған көмек қажет емес. Ешкімнен көмек сұрамаймын», – деді Трамп.

Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы жасағандарын және соның салдарынан Тегеранның биологиялық қару әзірлеуге бет бұрғанын алға тартты.

Иранның Вашингтонға қарсы «бомба» қолдануы мүмкін деген мәлімдемелерге қатысты Трамп: «Вашингтон тұрғындарының алаңдауына негіз жоқ. Егер мұндай жағдай болса, біз Иранды жойып жібереміз. Бұған уәде беремін», – деді.

Трамп Иранмен қол қойылған өзара келісімді «уақыт жоғалту» деп бағалады.

«Мен кейбір мәселелерді кейінге қалдырдым. Бұл келісім қате шешім болған жоқ. Осы уақыт ішінде біз Иранды жақсырақ таныдық. Оларға сенуге болмайтынын түсіндік», – деді ол.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Иранмен келіссөздерден шеттетілгені туралы ақпаратқа қатысты қойылған сұраққа Трамп:

«Жоқ, ол өз жұмысын жақсы атқарып жатыр», – деп жауап берді.

Трамп Иранмен келіссөздердің әлі де жалғасып жатқанын атап өтіп, «Олар келісімге келгісі келеді. Ал мен ұзақ мерзімді, тұрақты келісімді қалаймын», – деді.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”