САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Педро Санчес Түркиядан Ереванға ұшып кетті
Үкімет дереккөздерінің мәліметінше, ұшағы техникалық ақау салдарынан Анкараға шұғыл қонған Испания  премьер-министрі Педро Санчес Ереванға қарай сапарын жалғастырды.
Педро Санчес Түркиядан Ереванға ұшып кетті
Педро Санчес Түркиядан Ереванға ұшып кетті / AA

Арменияға барар жолда ұшағында техникалық ақау туындап, Түркия астанасы Анкараға шұғыл қонуға мәжбүр болған Испания премьер-министрі Педро Санчес дүйсенбі күні Анкарадан ұшты.

Ақау жойылғаннан кейін, қауіпсіздік талаптарына сәйкес ұшақ Анкарада бір түн қалып, кейін қайта көкке көтерілді.

Испанияның ресми ақпарат агенттігі «EFE» үкімет дереккөздеріне сүйене отырып, ресми сапарларда қолданылатын «Airbus A310» ұшағында Мадридтен Армения астанасы Ереван бағытына ұшып бара жатқанда ақау шыққанын хабарлады. Педро Санчес дүйсенбі күні басталған Еуропаның саяси қауымдастық саммитіне қатысуы тиіс болған.

Билік өкілдері ұшақты Анкараға бағыттады, премьер-министр Педро Санчес қонақүйде түнегеннен кейін сапарын жалғастырды.

Бұл  ̶ Испания премьер-министрі сапар барысында тап болған соңғы техникалық ақау. Қыркүйек айында Санчес «Falcon» ұшағында техникалық ақау туындауына байланысты Мадридке қайтуға мәжбүр болып, Парижде өтетін Украина мәселесі бойынша кездесуге қатыса алмаған еді. Кейін ол жиынға онлайн түрде қосылған.

Іздеу
Моджтаба Хаменеи: «Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз айқындалады»
Қазақстан мен Ресей: Каспий аймағы бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы тиіс
Иранға ықтимал шабуыл бойынша әскери брифинг өтеді
Түркияның туризм табысы бірінші тоқсанда 9,9 миллиард доллардан асты
20 Түркия азаматы Израиль тарапынан қамауға алынды
Министр Фидан: "Біздің басты ерекшелігіміз – жүргізіп отырған саясатымыздағы тұрақтылық"
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Израиль басып алған Шығыс Иерусалимде бір монах әйел соққыға жығылды
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді
Мұнай бағасы артты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады