Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Түркия мен Өзбекстан арасындағы іскерлік ынтымақтастықты қолдау жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңестің отырысына қатысты.
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті
Түркия мен Өзбекстан экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті / TRT Azerbaycan

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев және Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёевамен бірге Ташкент конгресс орталығында алғаш рет ұйымдастырылған Түркия мен Өзбекстан арасындағы іскерлік ынтымақтастықты қолдау жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңестің отырысына қатысты.

Әлемдік тәртіп өзгеріп жатқан қазіргі кезеңде елдер күрделі сын-қатерлерге тап болып отырғанын атап өткен Йылмаз ешбір мемлекеттің бұл қиындықтарды жалғыз өзі еңсере алмайтынын айтты.

«Осындай кезеңде Түркия мен Өзбекстан арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарымыз тарихи және мәдени байланыстарымыздан да терең маңызға ие. Екі ел қатынастарының бүгінгі деңгейі халықтарымыздың жарқын әрі бақуатты болашағы үшін бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз осы берік байланыстарды өзара тиімді экономикалық серіктестікке, бірлескен инвестициялық жобаларға және стратегиялық ынтымақтастыққа айналдырғымыз келеді. Осы мақсатта өткен ай Анкарада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қол қойған келісім негізінде кеңесіміз құрылды. Бұл кеңес қолданыстағы ынтымақтастық тетіктерін толықтырып, президенттеріміз белгілеген екіжақты сауда көлемін қысқа мерзімде 5 миллиард долларға, ал орта мерзімде 10 миллиард долларға жеткізу мақсатына қол жеткізуді жеделдетеді деп сенемін. Атажұртымыз Өзбекстанда жұмыс істейтін түрік инвесторлары құрған 2400-ге жуық компания және осы уақытқа дейін жалпы құны 9,5 миллиард долларды құрайтын 350-ге жуық жобаны жүзеге асырған түрік мердігерлік компаниялары экономикалық серіктестігіміздің берік негізін құрайды», – деді Йылмаз.

Түркия вице-президенті түрік инвесторларының Өзбекстан экономикасының дамуына үлес қосуын қолдайтындарын атап өтті.

Оның айтуынша, әсіресе өнеркәсіп, құрылыс, тоқыма өндірісі, энергетика, технология, ауыл шаруашылығы, азық-түлік және қызмет көрсету салаларындағы инвестицияларды арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”