Ирак билігі елдегі барлық қарулы топты 2027 жылдың маусымына дейін қарусыздандыруды көздейтін жоспар әзірлеп жатқанын хабарлады.
Жергілікті баспасөздің мәліметінше, Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн осы мәселеге қатысты жоспар алдағы күндері жұртшылыққа жарияланатынын мәлімдеді.
Министр Хусейн АҚШ бастаған коалиция күштері елден шығарылғаннан кейін аталған топтардың қару-жарағын мемлекет бақылауына алу үдерісін 2027 жылдың маусымына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.
Хусейн қарусыздандыру үдерісі Ирактың ішкі мәселесі екенін атап өтіп, бұл мәселенің өзге елдерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ирак премьер-министрі Али әз-Зейди кеше АҚШ бастаған халықаралық коалицияның елден толық шыққанын айтып, «1 қазан ̶ толық егемендік пен қаруды мемлекет бақылауына алу үдерісінің басталған күні», — деген еді.
Зейди бұл мәселеде конституциялық талаптар сақталып, нақты жоспар мен іске асыру мерзімі белгіленетінін мәлімдеді.
Ол аталған жоспар 2027 жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей жүзеге асырылатынын атап өтіп, соғыс пен бейбітшілікке қатысты шешім қабылдау құзыреті конституциялық институттарға тиесілі екенін және одан тыс ешқандай әскери әрекетке жол берілмейтінін айтты.
















