Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков Қытайдың Шэньчжэнь қаласында журналистерге жасаған мәлімдемесінде Путин мен Трамп арасындағы кездесуге қатысты пікір білдірді.
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында өткен кездесудің 30-40 минутқа созылғанын және «жақсы» өткенін атап өткен Ушаков былай деді:
ҰСЫНЫЛҒАН
«Көшбасшылар үшжақты кездесуге дайындықты және екіжақты қарым-қатынастарға қатысты кейбір мәселелерді талқылады. Украина мәселесі де талқыланды. Бұл кездесудің негізгі тақырыбы болды. Аталған кездесу үшжақты саммитке дайындық сипатында өтті. Сондықтан маңызды мәлімдемелер жасалған жоқ».
Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин бүгін кездеседі.





















