ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Ормуз бұғазына балама бағыт: Түркия Сауд Арабиясымен транзиттік сауданы бастады
Түркия Республикасының Сауда министрі Өмер Болат стратегиялық су жолы арқылы өте алмай жатқан тауарлар балама логистикалық арналар арқылы бағытталып жатқанын білдірді.
Ормуз бұғазына балама бағыт: Түркия Сауд Арабиясымен транзиттік сауданы бастады
Соғыс кеме қатынасын тоқтатқандықтан Түркия аймақтық экспортын Сауд Арабиясы арқылы қайта бағыттайды. / AA
14 сағат бұрын

Сауда министрі Өмер Болат Түркияның Ормуз бұғазындағы іркілістер жағдайында өңір елдеріне жөнелтілімдердің жалғасуын қамтамасыз ету үшін Сауд Арабиясымен транзиттік сауданы бастағанын хабарлады.

Анкарада өткен салтанатты рәсімде сөйлеген Болат стратегиялық су жолынан өте алмайтын тауарлар балама логистикалық бағыттар арқылы тасымалданатынын айтты. Ол Сауд Арабиясымен жасалған келісім аясында транзиттік сауданың басталғанына назар аударып, «Осының арқасында Ормуз бұғазы арқылы жете алмайтын тауарларды бір бөлігін құбыр желілерімен, бір бөлігін автожол тасымалы арқылы өңір елдеріне жеткізуді жалғастырамыз», - деді.

Болат келісім аясында енді транзиттік визалардың беріліп жатқанын растады және бұл қадам Парсы шығанағындағы сауда ағынын сақтауға көмектесетінін қосты.

Балама бағыттар

Болат ақпан айының соңында АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдарымен басталған соғысқа тоқталып, «Энергетикалық бассейндер қозғалыс үшін жабылды. Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін өңделген мұнай өнімдерінің едәуір бөлігін тасымалдау мүмкін болмай қалды. Мұнай-химия өнімдері, химикаттар мен тыңайтқыштар секілді тауарлар бойынша да елеулі қиындықтар туындады», - деді.

Министр үкіметтің экономикалық мүдделерге нұқсан келмеуі үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Ол Түркияның логистика саласында өте үлкен ілгерілеуге қол жеткізгенін айтып, қазіргі уақытта елдің логистика секторының көлемі 112 миллиард долларды құрайтынын мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығы мәселесіне қатысты Болат Түркияның жеткілікті қоры бар екенін және биыл өндірісте рекордтық көрсеткіштер күтіліп отырғанын айтты.

Сондай-ақ министр: «Ауыл шаруашылығында ұсыныс тапшылығы туындамасын деп, тыңайтқыш бойынша жеткілікті қор жинап қойған едік. Экспортты тіркеуге алдық, импортта кедендік баждарды нөлге түсірдік», - деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ормуз бұғазы қозғалысын басқару үшін хаттама жобасы әзірленді
Іздеу
«Artemis» астронавттары Ай маңынан өтуге дайындалуда
Газада бітім күшіне енгеннен бері 716 палестиналық қаза тапқан
Президент Ердоған христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады
АҚШ Иранда құлаған "F-15" ұшағының екінші ұшқышын құтқарды
Ердоған НАТО Бас хатшысымен сөйлесіп, Ирандағы геостратегиялық тығырық туралы ескертті
Ұлыбритания  Кувейтке әуе қорғаныс жүйесін орналастырды
Ирандағы 20-дан астам денсаулық сақтау нысанына соққы жасалды
Энергия мен тыңайтқыш бағасының көтерілуі азық-түлік құнын арттыруда
Иран АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшағын атып түсірді ме?
Дональд Трамп: «АҚШ әскері Иранда қалған нысандарды әлі жойған жоқ»
Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті
Иран мен АҚШ–Израиль шабуылдары жалғасуда
Ормуз бұғазы қозғалысын басқару үшін хаттама жобасы әзірленді
Президент Ердоған әлемде су дағдарысының күшею қаупі туралы білдірді
Түркиядан маңызды ескерту: «Таяу Шығыстағы соғыс аймаққа таралуы мүмкін»