САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран мен АҚШ–Израиль шабуылдары жалғасуда
АҚШ-тың Иранның мүмкіндіктері туралы мәлімдемелеріне қарамастан, Таяу Шығыстағы шабуылдар күшеюде. Ормуз бұғазындағы іркіліс нарықты шайқалтты.
Иран мен АҚШ–Израиль шабуылдары жалғасуда
Иран мен АҚШ–Израиль шабуылдары жалғасуда / Reuters
7 сағат бұрын

Тегеран Таяу Шығыс аумағындағы нысандарға соққы беріп жатқанда, АҚШ пен Израиль жұма күні таңертең Иранға соққы жасады. Соғыс бесінші аптасының соңына таяғанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Тегеранның Ормуз бұғазындағы бақылауын талқылау үшін жиналмақ.

АҚШ пен Израильдің «Иранның әскери мүмкіндіктері толық жойылды» деген мәлімдемелеріне қарамастан, Тегеран Израиль мен Парсы шығанағындағы көршілеріне шабуылын жалғастыруда.

Бахрейн мен Кувейт таңертең Иранның  шабуыл жасағанын хабарлады, ал Израиль жаңа зымыран шабуылдарына ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Белсенділер Тегеран мен Исфахан маңында шабуылдар болғанын хабарлағанымен, нақты қандай нысандардың соққыға ұшырағаны белгісіз.

Иранның Парсы шығанағындағы энергетикалық инфрақұрылымға бағытталған шабуылдары және әлемдік мұнай мен газдың шамамен бестен бірі өтетін Ормуз бұғазындағы қатаң бақылауы мұнай бағасының күрт өсуіне және жаһандық экономикаға әсер етуіне себеп болды.

Халықаралық эталон саналатын «Brent» маркалы мұнайдың бағасы жұма күні таңертең шамамен 109 доллар болды. 28 ақпаннан бері мұнай бағасы 50% артты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Мұнай бағасы артып, қор нарығы төмендеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Ормуз бұғазындағы қауіпсіздік мәселесін талқылайды

АҚШ президенті Дональд Трамп бұғазды қайта ашу енді Вашингтонның жауапкершілігі емес екенін айтып, бұл міндетті басқаларға жүктеді. Трамп сондай-ақ осы апта Ормуз арқылы тасымалданатын отынға көбірек тәуелді елдер батылдық танытып, бұғазды ашуы керек екенін мәлімдеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі сенбі күні Бахрейн ұсынатын, кемелердің бұғаздан қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған қорғаныс әрекетіне рұқсат беретін қарар жобасын дауысқа салуы мүмкін.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ормуз бұғазы қозғалысын басқару үшін хаттама жобасын әзірленді

Бахрейн ұсынатын жоба елдерге бұғазды қауіпсіздендіру үшін барлық қажетті құралдарды қолдануға мүмкіндік береді. Алайда Кеңесте вето құқығына ие Ресей, Қытай және Франция бұл мақсатта күш қолдануға қарсы шықты.

Бейсенбі күні Оңтүстік Кореяда сөз алған Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тың «Ормуз бұғазын күш қолдану арқылы қайта ашуға болады» деген үміті шынайы емес екенін айтты.

Макрон әскери операцияның өте ұзаққа созылатынын және бұғаздан өтетіндердің барлығы Ислам революциясы сақшылары тарапынан қауіпке ұшырауы мүмкін екенін атап өтті.

Франция президенті бұғазды қайта ашу тек Иранмен үйлесімді түрде, ықтимал атысты тоқтатудан кейін жүргізілетін келіссөздер арқылы ғана мүмкін болатынын айтты.

Ұлыбритания ұйымдастырған және 40-тан астам ел қатысқан келіссөз бұғаз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери емес, саяси құралдарға басымдық берді.

АҚШ қатыспаған бұл кездесуде елдер Иранға дипломатиялық қысымды күшейтуді және ықтимал санкцияларды қолдады.

Қаза тапқандар саны артуда

Соғыс барысында Иранда 1900-ден астам адам қаза тапты, ал Израильде 19 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Парсы шығанағы елдерінде және оккупацияланған Батыс Шерияда 20-дан астам адам қаза тапты.

Ливанда Израиль шабуылынан 1300-ден астам адам қаза тауып, 1 миллионнан астам адам босқынға айналды. Сондай-ақ Ливанда 10 израильдік әскери қызметкер қаза тапты.

Іздеу
Иранның жоғары лауазымды шенеунігі АҚШ-Израиль шабуылында ауыр жараланды
Төрт астронавт Айды айналып өтетін миссияға аттанды
Президент Ердоған: «Иранға қарсы «заңсыз соғысқа» Израиль жауапты»
Ресей Луганск облысын толық бақылауға алғанын мәлімдеді
Пәкістан армиясы 13 террористі жойды
Қырымда ресейлік әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 29 адамның барлығы қаза тапты
Рим Папасы Трампты Иран соғысынан "шығу жолын" іздеуге шақырды
Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз бұғазын қайта ашуға бағытталған әскери операцияны қолдайды
АҚШ президенті Трамп америкалық күштердің Ираннан «екі-үш апта ішінде» шығатынын мәлімдеді
Түркия Косовоны жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды
Түркия тек палестиналықтарға ғана қолданылатын өлім жазасы туралы заңды айыптады
Нетаньяху: «АҚШ-Иран келісімі Израильдің Ливандағы басқыншылығын тоқтатпайды»
Иран Кувейттің мұнай танкеріне соққы берді
Түркия жаңа жерсерік арқылы ғарыштағы мүмкіндіктерін кеңейтуде
Әзербайжан Сыртқы істер министрі Байрамов Иран Сыртқы істер министрімен сөйлесті