Түркия Ұлттық барлау ұйымының шекара тысындағы тыңшылыққа қарсы операциясы
ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Ұлттық барлау ұйымының шекара тысындағы тыңшылыққа қарсы операциясыТүркияның Ұлттық барлау ұйымы 12 жыл бойы қашып жүрген тыңшы Өндер Сығырджыкоғлуды Сирия-Ливан шекарасында қолға түсіріп, сот органдарына тапсырды.
Түркия Ұлттық барлау ұйымының шекара тысындағы тыңшылыққа қарсы операциясы / AA

Ұлттық барлау ұйымы 12 жылдан бері іздеуде жүрген тыңшы Өндер Сығырджыкоғлуды Сирия-Ливан шекарасында ұстады. Ұлттық барлау ұйымы мен Сирия барлау қызметінің бірлескен жұмысы нәтижесінде қолға түскен қашқын тыңшы Анкара Бас прокуратурасы мен Террорға қарсы күрес бөлімінің үйлестіруімен әділет органдарына тапсырылды.

Сирияның тағдырына әсер етті

Өндер Сығырджыкоғлу 2011 жылы «Азат Сирия армиясының» қолбасшылары Хусейн Хармуш пен Мұстафа Кассумды алып қашырып, Асад режиміне тапсырған болатын. Осы оқиғадан кейін Хусейн Хармуш азаптаудан көз жұмды. Сириядағы жағдайдың өзгеруіне себеп болған бұл қылмысы үшін Сығырджыкоғлу 2013 жылы «күш қолдану, қорқыту немесе алдау арқылы адамды бостандығынан айыру» бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда ол 2014 жылы Османиедегі ашық түзеу мекемесінен қашып кеткен.

Қашу оқиғасынан ФЕТӨ ізі табылды

Оның түрмеден қашу процесінде ФЕТӨ террорлық ұйымына байланысты құрылымдардың белсенді рөл атқарғаны анықталды. Іс материалдарының заңсыз өзгертілгені, жаза мерзімінің қате есептелгені және рұқсат беру процестерінде ірі заңсыздықтар болғаны белгілі болды. Сондай-ақ Сығырджыкоғлуға қатысты айыптау қорытындысын 2014 жылғы «Барлау ұйымы жүк көліктері» ісіндегі ФЕТӨ мүшесі, прокурор Өзджан Шишман дайындағаны, ал құжаттарға ФЕТӨ мүшесі, прокурор Юнус Баки қол қойғаны әшкереленді.

Ұлттық барлау ұйымы ізіне түсті

Қашқын Өндер Сығырджыкоғлу ұзақ жылдар бойы Сирия, Ресей және Ливан сияқты елдерде жасырынып жүрді. Ұлттық барлау ұйымы оның ізін суытпай, физикалық бақылау, техникалық тыңдау, кибербақылау және барлаудың барлық элементтерін қолдана отырып, үздіксіз қадағалап отырды.

Асад режимінің барлау қызметі қорғауында болды

Сығырджыкоғлу Сирияға паналаған соң, Асад режимінің барлау қызметі оны өз қорғауына алды. Ол Түркияға қарсы белсенді барлау жұмыстарын жүргізіп, Түркия мүддесі үшін жұмыс істейтін кейбір тұлғалардың жеке мәліметтері мен қозғалыс жоспарларын режимге беріп отырған.

Ресей барлауымен де байланыста болған

Сығырджыкоғлу Ресей барлау қызметімен де байланыс орнатып, Түркияға тиесілі стратегиялық және құпия ақпараттармен бөліскен. Сондай-ақ ол Хатай/Рейханлыдағы жарылыстың ұйымдастырушысы Юсуф Назикпен және Түркияға қарсы ұйым жетекшісі Михрадж Уралмен тығыз қарым-қатынаста болып, медиада манипуляциялық хабарлар таратқан.

Операция қалай жүзеге асты?

Ұлттық барлау ұйымы талдаулары нәтижесінде оның Сириядан кейін Ливанның Джебель Мухсин аймағында, содан соң Ресейдің Краснодар өлкесінде болып, Мысыр арқылы қайта Ливанға өткені анықталды. Оның қайтадан Сирияға өтпек болған жоспарын білген соң, Ұлттық барлау ұйымы мен Сирия барлауы арасында құпия деңгейде бірлескен операция жоспарланды. 12 жыл қашып жүргеннен кейін ол шекарада ұсталды.

Жаңа кезеңнің белгісі

Бұл операция 2011 жылғы сатқындықтың кінәлісін әділдікке тапсырып қана қоймай, Түркия мен Сирия арасындағы барлау деңгейіндегі ынтымақтастықтың аймақтық тепе-теңдіктегі жаңа кезеңін білдіреді. Енді Сығырджыкоғлу бұрынғы жазасынан бөлек, «саяси және әскери тыңшылық», «террорлық ұйымға көмектесу» және «кісі өлтіруге жәрдемдесу» баптары бойынша да жауапқа тартылады деп күтілуде.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?