Сыртқы істер министрлігі жексенбі күні Рас-Танурада болған апатқа қатты қайғырғанын мәлімдеді.
Министрлік: «Осы қайғылы апатта қаза тапқандарға Алладан рақым тілейміз. Олардың жақындарына және Сауд Арабиясы халқына көңіл айтамыз», –деді.
Өмірлік маңызы бар мұнай орталығындағы адам шығыны
Сауд Арабиясының мұнай алыбы «Aramco» компаниясына тиесілі тікұшақ Рас-Танурада апатқа ұшырады. Мемлекеттік «SPA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тікұшақтағы 14 адамның барлығы қаза тапты.
«SPA» Сауд Арабиясы Энергетика министрлігіндегі ресми дереккөзге сілтеме жасап, қаза тапқандардың барлығы Сауд Арабиясының азаматтары екенін мәлімдеді.
Сауд Арабиясы Энергетика министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тікұшақ апатынан кемінде 14 адам қаза тапқан.
«Aramco» компаниясына тиесілі тікұшақ жексенбі күні Сауд Арабиясының шығыс жағалауындағы, Ормуз бұғазының батысында орналасқан Рас-Танурада апатқа ұшырады.
«SPA»: «Тікұшақ апатының себептерін анықтау үшін тиісті органдардың қатысуымен тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – деп хабарлап, апаттың себебі әзірге белгісіз екенін атап өтті.





















