ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Исламдық Мұралар басқармасы Әл-Ақса мешітінің таң намазы үшін қайта ашылатынын және баршаның кіруіне рұқсат берілетінін жариялады.
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады / AP
11 сағат бұрын

Израиль басып алынған Шығыс Иерусалимде орналасқан және 28 ақпаннан бері жабық тұрған Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін бейсенбі күні таңертеңнен бастап қайта ашуға дайындалып жатқанын хабарлады.

Израиль полициясы сәрсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Ішкі майдан қолбасшылығының жаңартылған нұсқауларына сәйкес, «9 сәуір бейсенбі таңынан бастап қасиетті орындарды құлшылық етушілер мен келушілер үшін қайта ашуға дайындалып жатқандарын» білдірді. Полиция келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Иерусалимнің Ескі қала бөлігінде және қасиетті орындарға баратын жолдарда жүздеген полиция қызметкері мен шекара күзетінің жұмылдырылатынын хабарлады.

Исламдық мұралар басқармасы Әл-Ақсаның таң намазы үшін қайта ашылатынын және ешқандай шектеусіз баршаның кіруіне рұқсат етілетінін растады, алайда қосымша мәлімет бермеді.

Израиль билігі Израиль, АҚШ және Иран арасындағы соғыс кезінде «сақтық шарасы ретінде адамдардың көп жиналуына жол бермеу» желеуімен 28 ақпаннан бері қос ғибадатхананы жауып тастаған болатын. Сондай-ақ билік биыл Әл-Ақса мешітінде Ораза айт намазының оқылуына да кедергі келтірді, бұл Израиль 1967 жылы Шығыс Иерусалимді басып алғаннан бергі алғашқы айт мерекесі шектеуі болды.

Еске сала кетсек, Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир сәуір айының басында Әл-Ақса мешітіне басып кіріп, бұл әрекет араб және басқа да мұсылман елдерінің қатаң айыптауына жол ашқан еді.

Іздеу
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды
Араб елдері израильдік министрдің Әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Ормуз бұғазына балама бағыт: Түркия Сауд Арабиясымен транзиттік сауданы бастады
Антониу Кошта: «АҚШ пен Израильдің Иранның азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдары заңсыз»
МАГАТЭ: “АҚШ пен Израильдің Иран атом электр станциясы маңындағы шабуылдары «тоқтатылуы тиіс”
Еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралады
Украина шабуылынан кейін Луганскте ондаған кенші үйінді астында қалды