ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Анкарада Фейсал бен Фархан әл Саудпен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы Анкарада жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіп, екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік мәселелерді талқылады.
Президент Ердоған Анкарада Фейсал бен Фархан әл Саудпен кездесті
Президент Ердоған Анкарада Фейсал бен Фархан әл Саудпен кездесті / AA

Екі елдің Сыртқы істер министрлері кеше таңертең Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысына тең төрағалық етті.

Режеп Тайып Ердоған Түркия астанасы Анкарада Фейсал бен Фархан әл Саудпен кездесті.

Сәрсенбі күні Президенттік кешенде баспасөзге жабық форматта өткен кездесудің алдында екі елдің Сыртқы істер министрлері Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысына тең төрағалық етіп, екіжақты қарым-қатынастар, Газадағы жағдай және өңірлік мәселелерді талқылады.

Хакан Фидан «Nsosyal» желісінде жариялаған мәлімдемесінде отырыстың екі елдің министрліктері мен мекемелерінің қатысуымен өткенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия-Сауд Арабиясы үйлестіру кеңесінің үшінші отырысы өтті

Екіжақты байланыстарды нығайту

Фидан тараптардың сауда, энергетика, қорғаныс, білім беру, мәдениет, туризм және көлік секілді стратегиялық салалардағы комитеттердің жұмысын саралап, екіжақты байланыстарды институционалдық негізде қарастырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Фидан келіссөз барысында өңірлік мәселелердің, әсіресе Газадағы ахуалдың талқыланғанын және екі елдің дипломатиялық әрі арнайы паспорт иелері үшін өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.

Түркия Сыртқы істер министрі саудиялық әріптесіне және оның делегациясына сапарлары үшін алғыс айтып, қол жеткізілген келісімдердің екі мемлекетке де пайда әкелетініне үміт білдірді.

Іздеу
“SAHA 2026” көрмесінде озық әскери технологиялар таныстырылды
Түркияның жаңа қару жүйелері әлем назарында
Мәскеуде қауіпсіздік мақсатында 9 мамырда мобильді интернет өшіріледі
"Түркия — «әлемнің байланыс нүктесі» деңгейіндегі экономика"
Шетелдік жоғары лауазымды тұлғалар «TCG Anadolu» кемесімен танысты
Хантавирус қаупі: АҚШ круиз жолаушыларының жағдайын бақылауда
ЕО мен АҚШ сауда келісіміне тағы бір қадам жақындады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Иран Сыртқы істер министрі Бейжіңде қытайлық әріптесімен кездесті
Трамп Ормуз бұғазындағы «Бостандық жобасын» тоқтатты
АҚШ Пешавардағы бас консулдығын жабу туралы шешім қабылдады
Трамптың ақыл-ойы мен денсаулығына сенім азайды
Ресей шабуылдары салдарынан кемінде 20 украиналық қаза тапты
АҚШ 373 миллион долларлық  пакет арқылы Украинаның соққы беру қашықтығын кеңейтуді жоспарлап отыр