ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Алтын бағасы рекордтық деңгейге жетті
Алтынның унциясына шаққандағы бағасы 1,4 пайыз өсіп, GMT уақытымен 08:35-тегі көрсеткіш бойынша тарихтағы ең жоғары деңгей 4 040,32 АҚШ долларын құрады.
Алтын бағасы рекордтық деңгейге жетті
Алтын бағасы рекордтық деңгейге жетті / Reuters
8 Қазан 2025

Сәрсенбі күні алтын бағасы 1,4 пайызға қымбаттап, GMT уақытымен 08:35-тегі көрсеткіш бойынша 4 040,32 АҚШ долларына жетті. Осылайша тарихтағы ең жоғарғы көрсеткішті жаңартты.
АҚШ федераль үкіметтің жабылу қаупі белгісіздікті күшейтсе, инвесторлар Федералдық резерв жүйесінің келесі отырысында қосымша пайыздық мөлшерлеменің төмендетілуін күтуде.

Соңғы 12 ай ішінде алтын бағасы 2 536,91–4 040,32 доллар аралығында ауытқып, 54 пайызға өскен.

АҚШ федералды үкіметінің жабылуының жетінші күнінде, сенат демократтары республикашылдардың үкіметті 21 қарашаға дейін қаржыландыру туралы ұсынысына тағы да тосқауыл қойды. Әзірге ешқандай шешім шықпады.

Үкіметтің жабылуы экономикалық дағдарысқа әкелмесе де, АҚШ-та көптеген салада үлкен іркілістерге себеп болып, әлемдегі ең ірі экономиканың болашағына қатысты белгісіздікті арттырды.

Көптеген мемлекеттік қызметкер ақысыз демалысқа жіберіледі немесе жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр болады, ал кейбіреулері жаңа бюджет қабылданғанға дейін жұмыстан уақытша босатылады. Әр мемлекеттік мекеменің өз жоспары бар, мекеме қай қызметкердің маңызды екенін өзі анықтайды.

Сонымен қатар бұл жағдай кейбір маңызды экономикалық деректердің алдағы күндері жарияланбайтынын білдіреді.
Еңбек статистикасы бюросының төтенше жағдай жоспарына сәйкес, үкімет жабылған кезде экономикалық көрсеткіштер жарияланбайды. Бұл ауылшаруашылығынан тыс жұмыс орындары, жұмыссыздық туралы мәліметтер мен инфляция деректерінің кейінге қалдырылуы демек.

Алтын бағасының өсуі АҚШ үкіметінің жабылуына қатысты алаңдаушылықпен қатар, геосаяси тәуекелдер, жаһандық экономикадағы белгісіздік, орталық банктердің алтынға сұранысы және Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуі де ықпал етіп отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамптың талабымен Федералдық резерв жүйесі өткен апта базалық пайыздық мөлшерлемені төмендетті.
Төмен инфляция және өсіп келе жатқан жұмыссыздық көрсеткіштері Трамптың қысымымен бірге Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені одан әрі төмендетуге итермелеуі мүмкін.

Іздеу
Тұтыну әлегі: Дидро әсері сені қалай тұзаққа түсіреді?
Алтын бағасы төмендеді
Түркия мен Ұлыбритания  қорғаныс байланыстарын нығайтады
Ормуз бұғазындағы дағдарыс жаһандық экономика үшін үлкен қауіпке айналуда
Мұнай бағасы артты
Электрлі көліктер алғаш рет бензинді көліктерден көп сатылды
Түркияның Орталық банкінің резерві алғаш рет 200 миллиард доллардан асты
Нигерияда аштық рекордтық деңгейге жетті
“Fitch” түрік банктерінің рейтингтерін жоғарылатты
Түрік әуе жолдары Испанияның "Air Europa" компаниясының үлесін сатып алды
Түркия-Африка іскерлік және экономикалық форумы ортақ декларациясы жарияланды
Қытай АҚШ-пен диалог орнатуға шақырды
БҰҰ аштық қаупі артып отырғанын ескертті
Қытай АҚШ-пен сауда соғысында соңына дейін күресетінін мәлімдеді
Ирак–Түркия құбырынан мұнай тасымалы қайта басталды
АҚШ-тағы "Starbucks" кофе желісі жүздеген қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Түркия алғашқы жартыжылдықта 6,3 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартты
АҚШ Оңтүстік Кореямен сауда келісімін жасасты
Үндістан АҚШ-қа ең көп смартфон экспорттаған ел болды
Трамп "Fed төрағасы міндетінде көп отырмайды" деді