Қырғызстанда әзірленген алғашқы ұлттық жерсерік орбитаға ұшырылды
АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жерсерікті ұшыру рәсіміне қатысып, тарихи сәтке куә болды.
Қырғызстанда әзірленген алғашқы ұлттық жерсерік орбитаға ұшырылды
Қырғызстан алғашқы ұлттық жерсерігін ғарышқа ұшырды.

Қырғызстан президенті баспасөз орталығының мәліметінше, елдің алғашқы ұлттық жерсерігі АҚШ-тың Калифорния штатындағы Ванденберг әскери-әуе базасынан “SpaceX” компаниясының “Falcon 9” зымыран тасығышы арқылы орбитаға шығарылды.

АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жерсерікті ұшыру рәсіміне қатысып, тарихи сәтке куә болды.

Біріккен Араб Әмірліктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде ғарышқа ұшырылған алғашқы ұлттық жерсерік Қырғызстан экономикасы мен қоршаған ортаны бақылауда маңызды рөл атқаратыны айтылды.

Жерсерік ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдардың жағдайын, құрғақшылық қаупін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бақылау үшін жоғары дәлдіктегі оптикалық сенсорлар пайдаланады.

Сонымен қатар жерсерік Қырғызстан үшін аса маңызды мұздықтарды, су ресурстарын, өзендер мен қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауға, сондай-ақ табиғи апат қаупін алдын ала анықтауға көмектеседі.

Жерсерікті толық басқару және деректер ағынын бақылау ел астанасы Бішкекте құрылған Жерүсті басқару орталығынан жүзеге асырылады.